Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

22 Маусым 2021, 19:35
7473
Бөлісу:
Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады. 

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған еді.  

Кейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осы оқиғаға байланысты пікір білдірген болатын

Өзгелердің жаңалығы