Бас жаңалықтар
Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды
28 Сәуiр 2019, 19:05 1373

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттардың қорытынды тізімін шығарды. 


10 сәуір мен 28 сәуір аралығында жүргізілген ҚР президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды. 

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров сайлауға 9 республикалық қоғамдық бірлестік, соның ішінде 4 саяси партиядан канддаттар ұсынылғанын атап өтті. .  

1. Сәдібек Түгел 17 сәуір күні «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан; 

2. Қасым-Жомарт Тоқаев 23 сәуір күні  «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан; 

3. Амангелді Таспихов 24 сәуірде «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атынан; 

4. Дания Еспаева 25 сәуір күні «Ақ жол» партиясының атынан; 

5. Төлеутай Рахымбеков 26 сәуір күні  «Ауыл» халық демократиялық патриоттық партиясы атынан; 

6. Жамбыл Ахметбеков 26 сәуір күні «Қазақстан коммунистік халық партиясы» атынан; 

7. Әміржан Қосанов 26 сәуір күні «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық патриоттық қозғалысы атынан;  

8. Талғат Ерғалиев 26 сәуір күні «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан;

9. Әли Жұматай 26 сәуір күні  «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан  президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясымен заңнама талаптарына сәйкестігі анықталған төрт кандидат  қол жинауды бастап кетті. Аталған кандидаттар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан кемінде  118 140  қол жинау керек. Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады. 

Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта «ҚР президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындығы қойылатын талаптарды және ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы»  ОСК-ға 2019 жылдың 13 сәуірдегі №12/236 нормативтік қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын медициналық куәландырудан өте алады. Сондай-ақ зайыбы немесе жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

Кандидаттарды тіркеу кезеңі 2019 жылдың 11 мамыры сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...