Президент сайлауы. Қырғызстанда үміткерлер саны 60-тан асты

14 Қараша 2020, 21:55
2134
Бөлісу:
Президент сайлауы. Қырғызстанда үміткерлер саны 60-тан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанда президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталды. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда бүгінге дейін президенттікке үміткер ретінде тіркелгендер саны 62 адамға жеткен.

Олардың арасында Жогорку Кеңештің қазіргі және бұрынғы депутаттары, саяси қайраткерлер, экономистер мен зейнеткерлер және қазіргі таңда президент міндетін атқарып отырған Үкімет басшысы Садыр Жапаров да бар.

Жалпы Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткерлерден 63 өтініш түскен. Алайда бір үміткер өтінішін қайтарып алған.

«Президентті және Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау жайлы» заңға сәйкес, президенттік қызметке үміткерлер құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына 14 қарашаға дейін тапсыру керек болатын.

Өзгелердің жаңалығы