Бас жаңалықтар
Президент сайлауы – 2019. Бұл сайлаудың саяси да, тарихи да маңызы зор
09 Сәуiр 2019, 16:37 1072

Президент сайлауы – 2019. Бұл сайлаудың саяси да, тарихи да маңызы зор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің “сайлаудың демократиялы әділ, таза болып өтуіне мен өзім гарант боламын” деген сөзі көкейімде қалды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, алдағы уақытта елімізде кезектен тыс өтеін президент сайлауы саяси әрі тарихи маңызды шара болмақ.

“Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Бұл шынында да өте маңызды, саяси да, әлеуметтік те, трихи да маңызы бар әрі қажетті іс деп ойлаймын. Себебі әр нәрседе де айқындық керек. Мемлекетте билік ауысқан кезде уақытша басқару бұлда тарихи қажеттіліктен туған. Ал енді бүкілхалықтық заңды сайлау өткізу, заңды мемлекет басшысын сайлап алудың дәл осы жерде тарихи мәні бар. Қазақстанымыз осы жылдар арасында экономикалық, саяси жағына үлкен жетістікке жетен болса, оны ары қарай дамыту жолындағы мұраттар бар. Сол үшін осы сайлаудың үлкен рол атқаратынын байқаймыз”, -деді ол.

Сонымен қоса ол, еліміздің ішкі тұрақтылығына көршілердің болсын, бүкіл әлемнің болсын таңданысын туғызып отырғанын жеткізді.

“Сыртқы саясатта да Қазақстанның беделі жылдан-жылғы өсіп келе жатыр. Президенттің “сайлаудың демократиялы әділ, таза болып өтуіне мен өзім гарант боламын” деген сөзі көкейімде қалды. Бұл “Алатау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді” деген қазақтың мысалға келтіре отырып айтқаны бұл халықтың ынтымағын ойлап отырғаны көрініп тұр. Сондықтан елдің бірлігі бұзылмасын деген ойларға қосылмайтын адам жоқ шығар”,-деді Ұ. Есдәулет.

Сондай-ақ ол, саяси патиялар елдің ынтымағын сақтай отырып, мемлекетімізді тура жолға бастаса екен деген ойын білдірді.

“Қаламгерлер қашанда халықтың тұтастығын ойлайтын шығармашылық қауымы. Сондықтан Жазушылар одағы осындай қадамның тарихи шешім ретінде де, елге ұсынылып отырғанды бірауыздан қолдайды. Әрине, ауызбіршілік керек, саяси партиялар елді жік-жікке бөліп жібермей, сайлаудың әділ өтуіне атсалысады деген ойдамыз,-деді ол.


Фото: автордан
Загрузка...