Президент сайлауы – 2019: Отандық саясаттанушылар пікірталас өткізді

2 Мамыр 2019, 11:39
3585
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019: Отандық саясаттанушылар пікірталас өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 2019 жылғы сайлау: ішкі және сыртқы саясаттың үздіксіздігі мен тұрақтылығы» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы өз сөзінде елдегі әлеуметтік-саяси келісімді қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін болашақ саяси бағытқа қатысты «белгісіздікті жою керек» екенін атап өтті. Бұл тұрғыда үміткердің ағымдағы саяси бағыттың дәйектілігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету қабілеті сайлаушылардың негізгі өлшемі болып табылады.

Кездесу барысында сарапшылар Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі аспектілерін қарастырып, 2019 жылғы 9 маусымға жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын талқылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ-ның директоры Зарема Шаукенова алдағы сайлаудың уақтылы екендігін атап өтті.

«Оның нәтижелері үміткердің сайлау алдындағы бағдарламаларының сайлау преференциялары негізінде Қазақстанның болашақ дамуын анықтайтын болады» - деді ол.

Талқылау барысында Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурстық орталықтың директоры Ләзат Нұрқатова барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру үшін мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын жалғастырудың маңыздылығы мен бірінші кезектілігі туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садуақасова сөз сөйлеп, этносаралық және конфессияаралық бірлік пен келісімнің сақталуы туралы мәселе мемлекеттік дамудың маңызды аспектілерінің бірі болып қала бермек екендігін айтып өтті. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев еліміздің сыртқы саясаты туралы әңгімелеп берді. Оның пікірінше, сайлаудың нәтижелері еліміздің сыртқы саясатында жаңа серпінділікке ие болады және халықаралық аренадағы дәйекті және болжамды әріптес ретінде Қазақстанның беделін нығайтады.

Талқылауға Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының құрылтайшы жобалардың директоры Ботагөз Ракишева, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басқармасының жетекшісі Анар Фазылжан, қоғам қайраткері, блогер Ғалым Байтұқ, ішкі  және сыртқы саясат саласындағы сарапшылар белсенді қатысты.
Өзгелердің жаңалығы