Президент сайлауы – 2019. Алға ұмтылыстың маңызды қадамы

9 Сәуір 2019, 18:16
4197
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Алға ұмтылыстың маңызды қадамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Шаукенова Зарема Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауына қатысты жасаған үндеуіне орай пікір білдірді.

«Өткен жылдың басында дүние жүзінде 195 тәуелсіз мемлекет болды (БҰҰ мүшелері мен Ватикан), олардың 150-ге жуығы президенттік формаға ие. Бүгінде президенттік институт көптеген елдердің саяси жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Президенттік билік - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны. Президенттік республикаларда президент жанама (АҚШ) немесе тікелей (Қазақстан) сайлау арқылы сайланады және ауқымды нақты билікке ие. Президент өз мандатын халықтан алады және бұл - президенттік биліктің күші, Қазақстан Республикасы Президентінің жан-жақты мандатының саяси және идеологиялық негізі» - дейді Зарема Шәукенова.

Оның айтуына қарағанда, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің дамуының негізгі бағыттары Президенттікке үміткердің сайлау бағдарламасына енгізіледі.

«Сондықтан президенттік позицияға нақты үміткер үшін электораттың басым бөлігінің түпкілікті дауыс беруі Қазақстанның дамуындағы негізгі болашақ бағыттарының жобасын мақұлдауы болып табылады. Сайлаушылардың дауыстарымен расталған олар тұтастай мемлекеттің және оның нақты құрылымдарының саяси күші болады. Қазақстан Республикасының Президенті, оның сайлауалды тұғырнамасының жеке тасымалдаушысы бола отырып, оны жүзеге асыруы тиіс» - дейді ол.

Қазақстанда еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғасы арқасында президенттік биліктің күшті институты құрылды.

«Ел ішінде және шет мемлекеттерде үлкен беделге ие Ұлт Көшбасшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі уақытта өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумның бастамасын қабылдамады, өзінің өкілеттік мерзімін қысқартты және әрқашан қазақ халқының өз саясатына деген қолдауын алу үшін сайлау түсіп отырды» - дейді саяси институт жетекшісі.

Оның ойынша, Елбасының жоғары үлгісінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың келесі жылы сәуір айында лауазымының мерзімі аяқталуын күтпестен кезектен тыс президенттік сайлау өткізуі туралы хабарламасы еліміздегі биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде халыққа деген жоғары құрметті білдіреді.

«Бүгін біз мемлекеттілігіміздің белгілі бір сынақ кезеңіне жеткенін көріп отырмыз. Қазақстан алғаш рет биліктің транзитін өтуде, оны заңды, лайықты, тыныштық пен бейбітшілікпен жүзеге асыруға тиіс. Еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықтың бұзылуына ешқандай да себеп болмауы керек. Заңға сәйкес, кезекті сайлау 2020 жылдың желтоқсанында өткізілуі тиіс. Алайда, 2020 жылдың сәуірінде Президент өкілеттігі аяқталады. Яғни бізде сегіз ай бойы жоғары лауазымды тұлғасыз болу қаупі бар. Бұл тақырып дереу әлеуметтік желілерде Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың лауазымға кірісуінен кейін талқыланған тақырып болды. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы стратегиялық шешімімен Мемлекет басшысы болашақ белгісіздік мәселелерін шешеді» - дейді Зарема Шәукенова.

Сондай-ақ ол бүгінде әлемдік экономика мен геосаясат әлемдік дағдарыстың шырқау кезеңіндегі байқалған құбылмалылық пен шытынау жағдайын қайталып отғанын айтты.

«Бұл кезең туралы естеліктер аса жағымды емес. Сондықтан, ескі күндердің қайталануын тудыратын кез келген ықтимал себептерді халық алаңдаушылықпен қабылдайды. Тәуелсіздік жылдары ата-бабаларымыз армандаған көптеген нәрселер орындалды – біз өз мемлекетімізді, экономикамызды, тұтастай алғанда Қазақстан аумағында жаңа өмірді қалыптастырдық. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінің ішінде бір адамға шаққанда жалпы көлемдегі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы болды. Біз әлемге, соның ішінде дүниежүзілік беделге ие көпұлтты компанияларға қызықты болдық. Сондықтан біз үшін шетелдік бизнес пен инвесторлар бар келісімдердің сенімділік жағдайында жұмыс істей беруі маңызды» - дейді сарапшы.

Оның ойынша, тұрақты Қазақстанға тек шетелдік инвесторлар мен бизнес ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық бізге Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретінде, халықаралық қатынастарды үйлестірудің белсенді жақтаушысы ретінде және ұзақ жыл бойы жаһандық ауқымдағы Тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болған ел ретінде қарайды.

«Сондықтан, мемлекетаралық қатынастардың конфигурациясында Қазақстанды ұлттық сенімнің берік мандатын алған Президентпен танылуы өте маңызды. Президенттік сайлауды өткізу туралы Жарлыққа қол қою арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға ілгері қадам жасады. Бүгінде қазақстандықтардың жұмылуы мен қолдауы қажет. Мемлекет басшысы Конституцияның кепілі ретінде сөйлеп, халықты осы жылдың 9 маусымындағы президенттік сайлауда белсенді қатысуға шақырды» - деді саяси сарапшы сөз соңында.

Өзгелердің жаңалығы