Президент сайлауы – 2019. Демократиялық мәдениеті қалыптасқан мемлекеттің бағыты

10 Сәуір 2019, 19:19
2742
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Демократиялық мәдениеті қалыптасқан мемлекеттің бағыты
Фото: автордан

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордадағы Қоғамдық келісім орталығының бөлім меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлау өтетін мерзімді атаған үндеуіне қатысты пікір білдірді.

Саясаттанушының айтуынша, демократиялық мәдениеттің һәм қағидаттарының берік орнығуына әрбір қазақстандық үлес қосуы тиіс. Бұл мәдениет сайлау науқаны барысында айқын көрінеді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент лауазымына кіріскелі ел аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып жүр. Елбасы отыз жылда қалыптастырған саяси-қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті баянды ету, одан ары нығайту жолында еңбек ететінін айтуда. Тұңғыш Президент ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыру керектігіне баса назар аударды. Бұған қоса, Тоқаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы асқақ абыройының сақталуын да мақсат етті. Сондықтан, саяси сабақтастық салтанат құрған уақытта бейбіт елдің әл-ауқатын арттырады, ынтымағын нығайтады. Бұл – демократиясы гүлденген мемлекеттердің ұстанған бағыты. Демократиялық мәдениеттің және оның қағидаттарының берік орнығуына әрбір қазақстандық үлес қоса алады. Мұның бір көрінісі азаматтардың сайлау науқанына белсенді араласуынан, көзқарасынан, өз таңдауын жасауынан байқалады», – деді Сәулет Сахиев.

Саясаттанушы халықты сайлау науқанынан тыс қалмауға шақырды.

«Өйткені, халыққа қызмет етуде биліктен де басқа орындардың жауапкершілігі аса зор. Расында, президентті ел таңдайды және сайлайды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың әділ және таза өтетіндігіне кепілдік берді», – дейді саясаттанушы.

 

Өзгелердің жаңалығы