Президент сайлауы – 2019. Биыл кандидаттарды тіркеу ерте аяқталды

8 Мамыр 2019, 11:55
2751
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Биыл кандидаттарды тіркеу ерте аяқталды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында тіркелген кандидаттардың қорытындысына және алдағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына арналған жиын өтті. 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтің айтуынша, 11 мамыр күні сағат 18:00-де ҚР президенттігіне үміткерлерді тіркеу толық аяқталады.

Президент сайлауы – 2019. Биыл кандидаттарды тіркеу ерте аяқталды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес, үміткерлер 2019 жылдың 6 мамырына дейін кандидаттарды тіркеу рұқсат етілген. Бұл жұмыстың ерте аяқталуына байланысты ОСК жиналған қолдарды 10 күн емес, бес күннің ішінде толық тексеріп үлгерді», - деді Константин Петров.

Президент сайлауы – 2019. Биыл кандидаттарды тіркеу ерте аяқталды

Қазіргі кезде ресми түрде 7 кандидат тіркелген. Олар:
1. Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan)
2. Сәдібек Түгел (Ұлы дала қырандары)
3. Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы)
4. Дания Еспаева (Aq Jol)
5. Төлеутай Рахымбеков (Ауыл)
6. Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан коммунистік халықтық партиясы)
7. Әміржан Қосанов (Ұлт тағдыры).

 «Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 11 мамыр күні 18:00-ден кейін басталады. Заң бойынша, үміткерлер өздерінің бағдарламаларын БАҚ арқылы насихаттай алады. Әрбір үміткерге телеарнада – 15 минут сөз сөйлеуге, радиода – 10 минут сөйлеуге және баспа және интернет басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялауға рұқсат етілген.  Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуға ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, бюджеттен 7 331 200 (жеті миллион үш жүз отыз бір мың екі жүз) теңге қарастырылған. Сондай-ақ үміткерді ұсынған Республикалық қоғамдық ұйым үгіт-насихат жұмыстарына өз қаржыларын жұмсауларына болады. Бірақ ол 12 мың айлық есептік көрсеткіштен – 510 000 000 (бес жүз он миллион) теңгеден аспауы тиіс», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина.


Өзгелердің жаңалығы