Президент сайлауы – 2019. Көптің көкейіндегісін дөп басқан шешім көрегенділікпен қабылданған

19 Сәуір 2019, 15:13
2491
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Көптің көкейіндегісін дөп басқан шешім көрегенділікпен қабылданған
Фото: автордан

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері, Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуіне қатысты пайымын жеткізді.

Алмагүл Божанованың айтуынша, кезектен тыс президент сайлау өткізу шешімі құптарлық қадам.

«Ел президентін көпке ұзатпай сайлап алу уақыт қажеттілігінен туындап отыр. Себебі, Қазақстанның әрі қарайғы экономикалық дамуы, саяси ахуалды тұрақтандыру, елдің тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың жалғасын табуы, бәсекеге қабілетті, озық дамыған мемлекеттердің заманауи керуен көшіне ілесу, өрелі өзгерістер жасау халық таңдаған жаңа президентпен тікелей байланысты. Сондықтан, сарапшылар, мамандар, сөз ұстаған азаматтар үндеуді қолдап, сайлаудың мерзімінен бұрын өткені қазіргі жағдайда қай жағынан тиімді екенін айтып жатыр. Көптің көкейіндегін дөп басқан шешім көрегенділікпен қабылданған деп пайымдауға әбден болады», – дейді Алмагүл Божанова.

Қоғам қайраткерінің пікірінше, Қазақстанда сайлауға қатысу мәдениеті қалыптасқан.

«Қазақстанның бүгіні мен болашағы сайлауға қатысып, дауыс беру әр азаматтың еркі. Десек те бізде азаматтардың сайлау науқанындағы белсенділігі жоғары", - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы