Президент УЕФА Суперкубогін марапаттауға қатысқан қазақстандық "Ник Вуйчичке" қолдау білдірді

15 Тамыз 2019, 13:45
2476
Бөлісу:
Президент УЕФА Суперкубогін марапаттауға қатысқан қазақстандық "Ник Вуйчичке" қолдау білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттаған жас қазақстандыққа жылы лебізін білдірді. Бұл туралы ҚР президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттау рәсіміне аяқсыз туған жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков қатысқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы