Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

14 Қаңтар 2021, 07:07
1631
Бөлісу:
Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар №489


Өзгелердің жаңалығы