Моңғолия президенті Парламент депутаттарын батылдық танытып, отставкаға кетуге шақырды

6 Сәуір 2020, 18:17
1695
Бөлісу:
Моңғолия президенті Парламент депутаттарын батылдық танытып, отставкаға кетуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия президенті Халтмаагиин Баттулга парламент депутаттарын саяси батылдық танытып, отставкаға кетуне шақырды.  

Ол бұл туралы 6 сәуірде ел парламентінің көктемгі сессиясының ашылуында айтты, деп хабарлайды CentralAsia. 

Парламент депутаты және бұрынғы азық-түлік, ауылшаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Батзориг Ұлттық мемлекеттік хурал (Моңғолия парламенті) депутаты қызметінен кетті. Әрине, ол кешікті. Енді отырған басқа депутаттарды да Батзоригтен үлгі алға шақырамын. Көктемгі сессияның ашылуында азаматтық және саяси батылдық танытып, өз орындарыңызды босатыңыздар, - деп мәлімдеді Баттулга.

Осы жылдың 3 сәуірінде бұрынғы азық-түлік, ауылшаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі, Моңғолия парламентінің депутаты Батзориг отставкаға кету туралы шешім қабылдап, өтінішін парламент спикері Занданшатарға ұсынған болатын.

 Моңғолияның 2018 жылға арналған мемлекеттік бюджетінен шағын және орта бизнесті дамыту қорына (ШОБ) 25,4 миллион доллар бөлінген. Алайда, сайтта жарияланған есепте кейбір жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде депутаттар бұл қордың қаржысын өз компанияларына, отбасы мүшелері мен достарына несие беру үшін пайдаланғаны анықталған.

Өзгелердің жаңалығы