Бас жаңалықтар
АҚШ-тағы тәртіпсіздік: Президент отбасы жерасты бункеріне орналастырылды
01 Маусым 2020, 18:16 584

АҚШ-тағы тәртіпсіздік: Президент отбасы жерасты бункеріне орналастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ қалаларында тұтқындалғандар саны 4 мыңнан асты. Оның ішінде ірі америкалық агломерациясында жарияланған  комендант сағатын бұзғандар мен дүкендерді қирату бүлігіне қатысқандар бар, деп хабарлады ru.euronews.com.

Вашингтондағы ұлттық гвардияның жеке  құрамы мен полиция бірлесіп елордадағы тәртіпті орнату үшін жұмылдырылды. 

Наразылық танытушылар Ақ үйдің қабырғасынан секіріп өтуге әрекет еткен. Осы оқиғадан кейін  президент күзеті Secret Service іске кіріседі. 

Президент пен бірінші ханым, олардың ұлдары жерасты бункеріне орналастырылды. 

WhatsApp Image 2020-06-01 at 17.20.38 (1).jpeg

Сәл кейінірек Трамп өзінің twitter-дегі парақшасында тәртіпсіздікті ұйымдастырған антифа (фашизммен күрес бойынша халықаралық қозғалыс) "террорлық ұйым" ретінде жарияланатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін көшеге шыққан бұзақылар Голливудтағы Трамп жұлдызын шағып кеткені туралы жазғанбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...