Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

18 Маусым 2021, 15:44
4235
Бөлісу:
Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жәрдем және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған кабинеттерді аралады. Емханада рентгенография, маммография, флюорография, ЛОР-комбайн, сараптамалық деңгейдегі ультра-дыбыстық зерттеу және басқа да медициналық аппараттар бар. Емхананың соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталуы ауруды дер кезінде анықтап, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

«Салауатты Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жаңа амбулаториялық-емханалық кешен бір ауысымда 500 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысына медициналық орталықта тіркелген тұрғындарға 23 сала бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілетіні туралы айтылды. Сондай-ақ ересектер мен балаларға оңалту қызметтері көрсетіледі. 150 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

Президент медициналық орталықтың ұжымына жедел жәрдем көлігін алуға сертификат табыстады.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйымның бар екенін баяндады. Оның 16-сы мемлекеттік, 20-сы жекеменшік ұйым. Пандемияның алғашқы толқыны кезіндегі тәжірибе аурудың алдын алуда емханалардың үлкен рөл атқаратынын көрсетті.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Қазіргі таңда елордада 180 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алған. 128 мыңнан астам азамат екпенің екінші компонентін салдырды. Еңбек ұжымдарын вакциналау белсенді жүргізіліп жатыр.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 650 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының 60 пайызына екпе егу жоспарлануда.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы вакциналау пункттері 100-ге дейін көбейді, сондай-ақ, сауда және ойын-сауық орталықтарында қосымша 8 пункт қызмет көрсетеді.

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Президент Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды


Өзгелердің жаңалығы