Президент мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті туралы айтты

10 Қаңтар 2022, 14:33
1272
Бөлісу:
Президент мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Наразылықтардың астында жаппай тәртіпсіздіктер толқыны орын алды. Бір топ ретінде діни радикалдар, қылмыскерлер, тонаушылар, қарақшылар мен ұсақ бұзақылар көрінді, – деп айтты Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси талаптар екінші және үшінші жоспарға ауыстырылғанын, тіпті олар ұмытылғанын айтты.

Осыдан кейін қызу кезең басталып, өз сағатын күткен қарулы содырлар топтары әрекетке кірісті. Негізгі мақсат – конституциялық құрылысты бұзу, басқару институттарын жою, билікті басып алу екені айқын болды. Әңгіме мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті туралы болып отыр. Қазір бұл тәртіпсіздіктің барлығы бір орталықтан үйлестірілгені көрініп тұр. Мұқият жоспарланған операция маңызды кезеңге кқшті. Облыстық құзырлы органдардың, құқық қорғау органдарының, тергеу изоляторларының, стратегиялық нысандардың, банктердің ғимараттарына бір мезгілде жасалған шабуылдар соның айғағы. Әуежайлар басып алынды, жолдар мен темір жолдар жабылды, жедел жәрдем мен өрт сөндірушілердің жұмысы тоқтатылды, – деп толықтырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

Өзгелердің жаңалығы