Президент үш аусымды мектептердің мәселесін шешуді тапсырды

26 Ақпан 2020, 21:18
1217
Бөлісу:
Президент үш аусымды мектептердің мәселесін шешуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапасын одан әрі арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіру қажеттігіне баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шараларын көбейтудің, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен бірлесіп апатты және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Президент ғылым саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту шараларын қабылдауды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы