Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды

2 Мамыр 2019, 20:09
3230
Бөлісу:
Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды

Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасымен танысып, информатика, робот техникасы кабинеттерін, мектеп кітапханасы мен музейін аралап көрді. бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларымен және ұстаздармен әңгімелесу барысында еліміздің экономикасы мен ғылымын дамытуға септігін тигізетін сапалы білім алу жастардың негізгі міндеті екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды

Қазақстан Президенті оқушыларды Отанымыздың лайықты азаматы болуға шақырып, оқуларына табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды

Педагогтар мен оқушылар Мемлекет басшысына білім жүйесін үнемі назарда ұстайтыны үшін алғыс білдірді.

Бұл мектепке 1996 жылы соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілген.

Өзгелердің жаңалығы