Президент Марат Әзілхановты қабылдады

29 Шілде 2021, 17:26
2438
Бөлісу:
Президент Марат Әзілхановты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 


Өзгелердің жаңалығы