Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

27 Маусым 2019, 18:29
1404
Бөлісу:
Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы мен өңірге тікелей тартылатын инвестиция қарқынын төмендетпеу керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент халықтың тұрмысы төмен топтарын қолдау, тұрғын үй, соның ішінде, «Бақытты отбасы» бағдарламаларының орындалуы мәселелеріне облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауды ұстауы қажет екенін айтты. 

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы