Бас жаңалықтар
Президент ұлттың моральдық рухын қолдады – Қарин
08 Шілде 2020, 21:19 111

Президент ұлттың моральдық рухын қолдады – Қарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді.

Пандемия басталғаннан бері президент бірнеше мәрте азаматтарға үндеу жолдады. Әр жолы ол ең өткір және өзекті мәселелерді айтты. Бүгін Президент өз отандастарының алдына қайта шығып, ұлттың моральдық рухын қолады.Президент осы уақыт аралығында өздерінің туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтарға көңіл айтты және 13 шілдені пандемия құрбандары бойынша ұлттық аза тұту күні деп жариялады, - деді Қарин.

Кеңесші президент айтқандай күрес әлі де жалғасатынын жеткізді.
Бірақ қазақстандықтар осылайша өздерінің жанашырлығы мен ынтымағын көрсете алады. Оның үстіне карантиндік шектеулерге байланысты,коронавирустан қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындары қаралы және еске алу шараларына қатыса алмады. Қазақстан пандемияға байланысты аза тұту жариялаған жалғыз ел емес. Пандемия құрбандары бойынша ұлттық аза тұту сәуір айының басында Қытайда (3 300-ден астам адам қаза тапты), мамыр айының басында Бразилияда (10 мыңнан астам адам қаза тапты) және мамыр айының соңында Испанияда (26 мыңнан астам адам қаза тапты) және АҚШ-та (95 мыңға жуық адам қаза тапты) жарияланды, - деді Қарин.

Сонымен қатар, ол президенттің қазақстандықтарды еңсені түсірмей, табандылық танытуға шақырды.
 Мемлекет басшысы мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтынын және әрбір қазақстандықтың денсаулығы мен өмірі үшін күресетінін жеткізді. 
Қарин президентің тапсырмаларын тізіп берді:
- Президенттің тапсырмасы бойынша алғашқы көмек нығайтылуда. Шілде айының соңына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі.
- Коронвируспен ауыратын науқастарға арналған төсек саны 70%-ға артты.
- әскери-медициналық қызметтердің ресурстары жұмылдырылып, ерекше өршу орындарына далалық госпитальдарда 500-ден астам төсек жайылды.
- Жұмыс істеп тұрған зертханалар үшін қосымша 20 ПТР-анализатор сатып алынады. Тестілеу саны тәулігіне 40 мыңға дейін артады
- КВИ емдеу үшін қажетті дәрілік заттарды бір жолғы әкелудің тәртібі жеңілдетілді.
- Үкімет пен әкімдер ауруханалар мен халықты қажетті препараттармен қамтамасыз ету жөнінде шұғыл түрде жұмыстар жүргізуде. Стационарлар үшін ағымдағы қажеттіліктен 70% - ға жоғары сатып алынды.
- Бөлшек сауда желісіне 800 мың парацетамол қорабы жеткізілді, бір апта ішінде тағы 900 мың қорап жеткізіледі деп күтілуде. 150 мың антибиотик бумасы дәріхана желісіне жөнелтілді.
- Жалпы, дәрі-дәрмек препараттарын, ӨЖА аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға Президент 150 млрд. теңге бөлуді тапсырды.
Жалпы, кейбір кемшіліктер мен қателіктерге қарамастан, жағдай бақылауда және теріс сценарийді болдырмау үшін мемлекеттің барлық қажетті резервтері бар. Коронавируспен күрес жөніндегі ағымдағы жағдай президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысы барысында да талқыланады, - деді ол.

Загрузка...