Президент кубогы: Қазақ боксшысы өзбекке есе жіберді

17 Шілде 2019, 09:40
2148
Бөлісу:
Президент кубогы: Қазақ боксшысы өзбекке есе жіберді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада басталған бокстан Президент кубогында отандық боксшылардың бірі жарыс жолынан шығып қалды.

57 келіде Ілияс Сүлейменов, Қайрат Ералиев және Рустам Рустамов алғашқы кездесулерін жеңіспен бастады. Өкінішке қарай, Нұрбол Қалжанов Өзбекстаннан келген Миразизбек Мирзахалиловқа есе жіберді.

63 келіде Зәкір Сафиуллин, Ділмұрат Межитов және Санатәлі Төлтаев ширек финалға өтті. Сондай-ақ, бұл салмақта Баходур Усмонов (Тәжікстан), Шива Тапа (Үндістан), Камронбек Ешматов (Өзбекстан), Арген Қадырбекұлы (Қырғызстан) жарысты әрі қарай жалғастырады.  

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 69 келідегі Абылайxан Жүсіпов те жарысты жеңіспен бастады. Одан бөлек, Талғат Шайкен және Дюродхан Синг Неги (Үндістан) алғашқы сынақтан сәтті өтті. 

WhatsApp Image 2019-07-17 at 09.00.06.jpeg

81 келідегі Ерік Әлжанов та ширек финалда. Ал 91 келідегі боксшылардан Василий Левит, Абзал Құттыбек, Айбек Оралбай және қытайлық Абудурексити Ремула бірінші кездесулерін сәтті өткізді. 91 келідегі жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай да жеңіске жеткендер қатарында.

Өзгелердің жаңалығы