Президент: Коронавируспен күрескен азаматтардың ерлігіне ескерткіш қою керек

23 Маусым 2020, 12:24
1586
Бөлісу:
Президент: Коронавируспен күрескен азаматтардың ерлігіне ескерткіш қою керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай мен "Халық алғысы" атты арнайы медальді тапсыруды ұйғардым. Бұл осындай қиын қыстау кезеңде аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған. Жаңа мемлекеттік марапат нағыз отаншыл азаматтарға тапсырылады деп сенемін. Бүгін "BIZ BIRGEMIZ" жалпыұлттық онлайн форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапттаймыз, - деді Президент.

Мемлекет басшысы коронавирус індетінен құтылған соң елордада азаматтардың ерлігіне арналған ескерткіш қою керегін айтты.
Жалпы, пандемияға қарсы науқанға белсенді ат салысқан ел тұрғындары мемлекеттік наградалармен марапатталады. Осы індеттен құтылған соң елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек. Барша Қазақстан азаматтарына амандық, игілік тілеймін. Біз міндетті түрде жеңеміз. Себебі, біз біргеміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұған дейін медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне алғыс білдірді алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы