Президент кеңсесіндегі ауыс-түйістер

19 Наурыз 2019, 20:00
2385
Бөлісу:
Президент кеңсесіндегі ауыс-түйістер

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды;

Мемлекет басшысының Өкімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды;

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Ерлан Еркінұлы Баттақовқа Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді;

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Берікбайұлы Темірболатқа Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді;

Өзгелердің жаңалығы