Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

1 Қазан 2021, 12:59
2032
Бөлісу:
Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында  Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара тиісті карантин талаптарына сай және телетүсірілім форматында өтті. 

Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаттары оқылды. Айта кету керек, биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақ радиосы құрылған 1 қазан «Радио күні» датасы ретінде белгіленіп, бүгін алғаш рет атап өтілуде.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Қазақ радиосы ұжымын құттықтау хатында Елбасы халқымыздың талайлы тарихы мен шежіресі эфирде қамтылып, аумалы-төкпелі кезеңдерде ел өміріндегі маңызды оқиғалар жұртшылыққа жедел жеткізілгенін ерекше атап өтті. 

Бір ғасыр ішінде осы қарашаңырақта еңбек еткен майталман журналистер мен көрнекті қайраткерлер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, өшпес із қалдырды. Әуе толқынында көптеген бағдарлама төл мәдениетімізді насихаттауға, ана тілімізді дәріптеуге, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, қазақ руханиятының алтын қорын қалыптастырды. Қазіргі таңда Қазақ радиосы еліміздегі заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі де бірегейі. Радио алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, талғамы биік тыңдарман қауымды танымдық хабарлармен, тағылымды бағдарламалармен қуанта береді деп сенемін, -  делінген Елбасы құттықтауын Елбасының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оқып берді.
Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Биылдан бастап 1 қазан «Радио күні» болып бекітілді.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы
Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы. Радио алғаш құрылған күннен бастап ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Қазір де Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге сүбелі үлес қосуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келген бүгінгі мерейтойдың орын бөлек. Биылдан бастап 1 қазан «Радио күні» болып бекітілді. Мұның өзі бұл саланың ақпарат айдынындағы рөлі ерекше екенін аңғартады. Қазақ радиосы келешекте де мағыналы әрі мазмұнды хабарларымен ұлттың жадын жаңғыртып, мемлекетімізді нығайтуға атсалыса береді деп сенемін, - делінген Мемлекет басшысының құттықтауын вице-премьер Ералы Тоғжанов оқып берді.
Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

 Салтанатты жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақ радиосын мерейтойымен құттықтай келе, оның таралым аумағын кеңейту мақсатында шекара маңындағы аумақтарда радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы қабылданып, конкурс негізінде Қазақ радиосына 107 радиожиілік спектрі бөлінгенін айтты.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Оның нақты мысалы ретінде жиын барысында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көкжыра елді мекенінде жаңа радиожиілік іске қосылды.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Қазақ радиосының студияларынан сахнаға тікелей қосылым жасалды. Мерекелік кеште бейнематериалдар мен музыкалық нөмірлер қойылды. Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, М. Әуезов, А. Жұбановтың үнтаспаға жазылған сұхбаттарынан үзінділер берілді.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Салтанатты кеш ресми бөлім, «Бастау кезеңі», «Даму дәуірі», «Жаңа белес» деген бөлімдерінен тұрды. Әр бөлімде Қазақ радиосының тарихи хронологиясы таныстырылды. Кеште «Музарт» тобы, Н. Үсенбаева, Е. Әбдіхалықова, И. Благодарный өнер көрсетті. Жиын соңында Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Дидар Әбдіхалық, Рухия Байдүкенованың орындауында «Қазақ радиосының гимні» шырқалды.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Мерекелік іс-шараға орталық мемлекеттік орган басшылары, радио ардагерлері мен Қазақ радиосы ұжымы және Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, БАҚ басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы

Өзгелердің жаңалығы