Президент: Халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерлемесі 6%-дан аспауы керек

26 Қаңтар 2021, 13:12
2768
Бөлісу:
Президент: Халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерлемесі 6%-дан аспауы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты.

Мемлекет басшысы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың тиімді құралы екенін жеткізді. 

Оның «Бастау» бизнес бағыты бойынша 150 мыңнан астам адам оқып шықты. Бірақ тек 10 пайызы несиеге, 19 пайызы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам белгіленген қолдаудан тыс қалды. Әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатыр. Өйткені ауылда банктер мен даму институттарының бөлімшелері жоқ. Сондықтан бағдарламаның қаржы көлемін ғана емес, сонымен қатар оның жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктерін қайта қарауымыз керек. Оған білікті микроқаржы ұйымдарының белсенді қатысуын қамтамасыз ету Үкіметтің міндеті, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, ел Президенті халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы керектігін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін онлайн отырыста Президент Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бір айдың ішінде ШОБ-қа қатысты қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы