Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен туыстарына көңіл айтты

19 Сәуір 2021, 15:06
1791
Бөлісу:
Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильм мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы