Президент фотографтары
PHOTO
12 Мамыр, 13:21 392

Президент фотографтары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БОРТ N1 телеграм арнасы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандардан түсіп жатқан сауалдарға байланысты фотолар мен видеоларды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарын таныстырды.

Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. 

Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды. 

Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ. 

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...