Президент елдің даму жолындағы басым бағыттарды атады – сарапшы

15 Қаңтар 2021, 12:42
993
Бөлісу:
Президент елдің даму жолындағы басым бағыттарды атады – сарапшы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашақ» халықаралық Президент стипендиясының стипендиаттары Ассоциациясының атқарушы директоры Лаура Демесінова Strategy2050.kz тілшісіне Президент Қ.Тоқаевтың бүгін айтқан басым бағыттарына қатысты өз ойын айтты. 

«Болашақ» халықаралық Президент стипендиясының степиендиаттары Ассоциациясының атқарушы директоры Демесінова Лаура Бағланқызы ҚР Президенті Қ. Тоқаев Парламенттің жетінші шақырылымының алғашқы сессиясында айтқан басым бағыттарының соңғы кезде әлемде орын алған қиын ахуалда өзекті инициативалар екеніне назар аударды.

Президент бүгін елдің даму жолында өте маңызды деген басым бағыттарды атады. Ол пандемия кезіндегі өзгерістер мен халықтың әл-ауқаты туралы айтты. Пандемия ұлт денсаулығының маңыздылығын көрсетті. Денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп, жаңа реформалар енгізуді тапсырды. Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығының негізі. Тоқаев айтқан әлеуметтік мәселелер соңғы кезеңге сай тенденциялар деп ойлаймын, - деді Лаура Бағланқызы. 

Ол сонымен қатар жасар саясаты мен омбудсмен институтының маңыздылығына тоқталды.

 

Жалпы адам құқығын қорғау мәселелері қазір өте өзекті. Бүкіл әлем болып тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп жатыр. Алайда, тұрмыста көрсетілетін қысым азаймай отыр. Бізде омбудсмен институты бар. Президенттің айтуынша, бұл институт әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада «Омбудсмен туралы» заң қабылданады. Бұл да жағымды өзгерістер бастауы деп білемін, - деді Демесінова.
 

Лаура Демесінова жастар саясаты мен волонтерлік заңдарының қолдайтынын білдірді. 

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік бойынша заңдар дайындалып жатыр. Мен бұл заңнамаларды қолдаймын. Депутаттар жастардың әлеуметтік қызметтерін заң негізінде реттейді. Сонымен қатар Қазақстанда жастардың даму индексі енгізілетінін естідік. Жастар сол индикатор бойынша әрекет етеді, - деп қорытты ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы