Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында браконьерлік мәселесін көтерді.
«Таяуда болған қайғылы оқиғалар браконьерлік проблемаларының бетін ашты. Браконьерлік - ұйымдасқан қылмыстың аса қауіпті формасына айналған. Браконьерлер қаруланған, олар жазаланбайтынын біледі», - деді Тоқаев.Президент елдегі екі инспектор өлімі мен Марқакөлдегі браконьерлік фактісін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлік тамырын тереңге жіберген дейді. Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкіметке екі ай мерзімде тиісті заңды күшейту бойынша жедел іс-шаралар қабылдауды тапсырды.
Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.