Президент білім саласына деген көзқарасты өзгертуге шақырды

11 Қаңтар 2022, 17:05
2112
Бөлісу:
Президент білім саласына деген көзқарасты өзгертуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Білім саласына деген көзқарасымызды өзгерту керек. Гуманитарлық мамандықтарға емес, техникалық мамандықтарға басымдық беру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Мәжіліс отырысында айтты.

Президент 2021 жылғы соңғы Жолдауында да осы салаға қатысты ерекше тоқталып өткен болатын.

Жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі өзекті болып қала береді. Еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінің жастары үшін мақсатты гранттарды бөлуге ерекше назар аудару қажет. Жаңа экономиканы құру үшін университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Жақында Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашыла бастады. Жақын арада ресейлік жетекші техникалық университеттердің филиалдарын ашу жоспарлануда. 2025 жылға дейін елімізде жетекші шетелдік университеттердің кем дегенде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын, - деді ол.

Президент қазақстандықтарды білім саласына деген көзқарасты өзгертуге шақырды.

Бұл ретте еліміздің батысында техникалық мамандықтарға басымдық беретін университеттердің екі филиалы ашылуы тиіс. Жалпы, білім саласына деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға қызығатын уақыты өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы