ҚР Тұңғыш Президентінің көмекшісі мен кеңсе басшысы тағайындалды

19 Наурыз 2019, 20:06
1823
Бөлісу:
ҚР Тұңғыш Президентінің көмекшісі мен кеңсе басшысы тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«М.Б. Қасымбековті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімі

Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын.

 Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы                                          Н. Назарбаев

Астана, 2019 жылғы 19 наурыз

                 № 2

«А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімі

Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

 Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы                                                Н. Назарбаев

Астана, 2019 жылғы 19 наурыз

                 № 3


Өзгелердің жаңалығы