Президент бағытына сенім артты – Марат Бәшімов

3 Қыркүйек 2021, 16:40
5430
Бөлісу:
Президент бағытына сенім артты – Марат Бәшімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов «Қазақпарат» ХАА-ның баспасөз орталығында Жолдауды сараптамалық талқылау кезінде айтты.

Ең алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сенім артты. Ол бүкіл қоғам мен халық үшін әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру қажеттігін ашық айтады. Мұнда қарапайым адам үшін әділеттілік деген не екені түсінікті. Осы екі тезистің астында бәрі тұр. Мемлекеттің тиімділігі - мемлекеттік басқаруды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сенім артып, әлеуметтік желілерде талқылана бастады, - деді сараптамалық талқылау кезінде Марат Бәшімов.
Сондай-ақ Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі құқықтық саланы дамытуға қатысты өз пікірін білдірді.
Құқықтық салада қоғамдық сана өзгеруде. Бұл - өте маңызды. Прокуратурада да солай. Нені дамыту керек? Прокуратура қызметіндегі ашықтық, айқындық. Оған сын айтылып жатыр, - деді Марат Бәшімов.
Марат Бәшімов атап өткендей, қоғам «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сене бастады.

Осыған дейін саясаттанушы Айдос Сарым бірнеше транзит орын алған дәуірде өмір сүріп жатқанымызды айтып өткен еді.
Өзгелердің жаңалығы