Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Оқи отырыңыз:
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды, - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.