Президент Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

8 Мамыр 2022, 17:18
1713
Бөлісу:
Президент Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Бүгін театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев актерге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жүрсіз, – деді Ерболат Досаев.

Асанәлі Әшімов – көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері. 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген.

Актер "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" "Жаушы" және тағы басқа фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

Өзгелердің жаңалығы