Бас жаңалықтар
Президент: Әлихан Бөкейхан - халқымыздың біртуар перзенті
05 Наурыз 2021, 12:27 600

Президент: Әлихан Бөкейхан - халқымыздың біртуар перзенті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында.

Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы Әлихан Бөкейханның туған күні.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Ол XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, білікті саясаткер, білімді әдебиеттанушы, тұңғыш энциклопедист.

Сонымен қатар Алматыда Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған жиын өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...