Президент алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23 Наурыз 2019, 11:45
2266
Бөлісу:
Президент алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

"Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысу, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көру, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Құрманғали.

Өзгелердің жаңалығы