Президент Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске қол қойды

29 Маусым 2020, 17:47
1181
Бөлісу:
Президент Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы