Тоқаев туралы «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетіледі

18 Шілде 2019, 20:35
1912
Бөлісу:
Тоқаев туралы «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетіледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілде күні 22:00-де «31 арнадан» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Әңгіме барысында Қазақстан президенті өзінің өмірбаянына, дипломатиялық мансабына және жеке ұстанымдарына қатысты сұрақтарға ашық жауап береді.

Фильмге XX-XXI ғғ. Қазақстан тарихының жетістіктері мен ақтаңдақ беттері, Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірі және оның отбасына әсер еткен оқиғалар арқау болды.

67172610_2194653537324733_8478180328937095168_n.jpg

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресей, Қытай және басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарына тоқталып, өзі кездескен көптеген көрнекті әлемдік саясаткерлер жөнінде ой-пікірімен бөліседі.

«Көрермен бұл фильмнен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз атына айтылған мақтау сөздерге көзқарасы, дінге қатысты пікірі, оқитын кітаптары және олардың авторлары туралы білетін болады», - деп атап өтті Берік Уәли.

Аталған фильм президенттің шетелдік және отандық БАҚ-қа берген бірқатар сұхбатының жалғасы іспетті. Төрт айға жуық уақыт ішінде Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының «Егемен Қазақстан» және «Айқын» республикалық газеттеріне; ресейлік «Коммерсант», «Российская газета» басылымдарына; Өзбекстанның «УзА» ұлттық ақпараттық агенттігіне; «Россия» телеарнасына; америкалық White House Chronicle телехабарына; израильдік Israel Hayom басылымына; америкалық Wall Street Journal газетіне; Euronews телеарнасына; Bloomberg агенттігіне сұхбаттарын ұйымдастырды.

67460906_2194653640658056_5829529823478808576_n.jpg

Бұдан бөлек, президент сайлауалды науқан кезінде журналистермен жиі кездесті. Сондай-ақ, сайлау қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында көптеген маңызды сұрақтарға жауап берді.

«Президент 2.0» деректі фильмі 21 шілдеде сағат 22:00-де «31 арнадан» көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы