«Адам аяғы баспаған жерлер бар». Президент ішкі туризмді дамытуды тапсырды

23 Қаңтар 2019, 16:01
5735
Бөлісу:
«Адам аяғы баспаған жерлер бар». Президент ішкі туризмді дамытуды тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында ішкі туризмді дамытуды қолға алуды тапсырды.

«Қазір туризмді дамыту барлық мемлекеттің қолға алып отырған мәселесі. Бұл сала адамдардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру үшін де маңызды рөл атқарады. Мен сендерге айтайын, біз өзіміз Қазақстанды білмейміз. Шетелге барамыз. Шығыс Қазақстанға барсаң Қытаймен шекаралас жерде адам аяғы баспаған ну тоғай, өзендер, көлдер бар. Ең үлкен өзеніміз Ертіс суының 80 проценті еліміздің тауларынан ағатынын сендер білмейсіңдер. Алтай біздің түркі дүниесінің шыққан жері, барған жоқсыңдар сендер. Оңтүстік Қазақстанға барсаң Ақсу-Аюлы, Қазығұрт тауына барған жоқсыңдар. Алматы, Талдықорған облысын, Жетісуды аралап, тауларына шыққан жоқсыңдар. Каспий бойында қанша демалыс орындары ашылып жатыр. Балқаш көлінде, Алакөлде қандай кереметтер бар. Қазақстанда мен араламаған ауыл жоқ. Көргенімді айтып отырмын», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы елде туризм саласы дамитын болса Қазақстан экономикасына 10 процент кіріс әкелетінін айтты. 

«Оның үстіне жастар туризмі халқымыздың бірлігін сақтайды. Сондай-ақ ішкі өңірлік байланыстарды, халықаралық серіктестікті нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстанда спорт-сауықтыру және экстремалды туризмді барлық жерге орнатуға болады», - деді президент.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

 Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы