Препараттардың бір айлық көлемі бірнеше сағатта сатылып кетіп жатыр - Цой

5 Шілде 2020, 20:45
1000
Бөлісу:
Препараттардың бір айлық көлемі бірнеше сағатта сатылып кетіп жатыр - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Баса назар аударатын жайт – еліміздегі дәріхаланар жүйесі жекеменшік ұйым болып саналады. Дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу жұмыстарын қазақстандық жаппай сауда компаниялары жүргізеді. Олар препараттарды шетелдік компаниялардан да, отандық өндірушілерден де сатып алады. Қазір кейбір дәріханаларда қандай да бір дәрілердің тапшылығына байланысты дүрбелең болғанын байқап отырмыз. Осы ретте бірқатар мәселеге назар салғым келеді. Бірінші – азаматтар дәрілерді артығымен сатып алады. Препараттардың бір айлық көлемі бірнеше сағат ішінде сатылып кеткен жайттар да бар. Қазіргі сәтте жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) де, пневмониямен де, коронавирус инфекциясымен де ауыру көрсеткіші – біздің нарықта сатып алынып жатқан препараттар көрсеткішінен әлдеқайда төмен, - деді министр.
 
Алексей Цой бұл ретте бірнеше фактор бар екеніне тоқталып, оның біріншісі азаматтардың дәрілік заттардың артығымен сатып алуы екенін айтты. 
Осы арада әрбір дәрінің жарамдылық мерзімі барын, ол мерзім өткеннен кейін қабылдауға тыйым салынатынын ескерткім келеді. Сонымен қатар, ол дәрілер біреудің үйінің сөресінде бос тұратын болса, мына жақта өзге бір науқас дәріге жете алмай қалуы мүмкін. Екінші фактор – дәрілерді өз бетінше қабылдау. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі мамандардың небір препараттарды вирусқа қарсы қолдануға ұсынған хабарламалар тарап жатыр. Бұл жерде айтарым, біздің қазақстандық және халықаралық сарапшылардың бағасынан өткен нақты хаттамаларымыз бар. Онда қабылдауға рұқсат етілген қарапайым препараттар көрсетілген. Егер науқаста коронавирус инфекциясының аса ауыр белгілері байқалмаған болса, компьютерлік томография өкпенің қабынуы 20%-дан төмен екенін көрсетсе, бірқатар препаратты симптомдық негізде ғана қолдану керек, - деді ол. 

Министр кейбір азаматтардың ажиотажға ілесіп, антибиотиктің 5-6 түрін бір мезетте қабылдап жатқанын жеткізді.
 
Кез келген нұсқаулық дәрігермен келісілуі керегін естен шығармау керек. Себебі, әр дәрінің өзіндік теріс көрсеткіші болады. Сәйкесінше, дәрілер бір-бірімен қосылған кезде ол ағзаға өзгеше әсер етуі мүмкін. Бұл жерде дәрілерді қабылдау алдында оның науқастың денсаулығына зиян келтірмеуін қадағалап, созылмалы дерттің бар-жоғын саралау керегін ескерген жөн, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы