Премьер-министр Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті 
12 Қаңтар, 16:00 363

Премьер-министр Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады, - деді Ә. Смайылов.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...