Премьер-министр Кеңсесінің басшысы тағайындалды

26 Наурыз 2019, 09:58
1962
Бөлісу:
Премьер-министр Кеңсесінің басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қызметті енді Ғалымжан Қойшыбаев атқарады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында туған. 

1991 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)

1991-1994 – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты.

1995-2004 – Қазақстаның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі.

2004 – Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы жанындағы Өкілетті өкілі.

2004-2006 – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 – Қазақстанның Литвадағы елшісі, Қазақстанның Латвия, Эстония және Финляндиядағы елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 – Қазақстанның Финляндиядағы елшісі, Эстониядағы елшісі лауазымын қоса атқарушы.

2016-2019 – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.

Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын және француз тілдерін меңгерген. 

Үйленген, 2 баласы бар.

Еске салсақ, 25 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевты қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды. 
Өзгелердің жаңалығы