Премьер-лига: «Тобыл» сенімді түрде жеңіске жетті

3 Маусым 2019, 13:45
1669
Бөлісу:
Премьер-лига: «Тобыл» сенімді түрде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қостанайда «Тобыл мен «Шахтер» кездесті.

Қостанайдың «Тобылы» әлі жабық кешендегі манежде ойнап жүр. Бұл жолы олар өз алаңында «Шахтерді» қабылдады. 

«Қайсар» секілді Газзаев шәкірттері де аса қиналмай жеңіске жетті. Ұлттық құраманың ойындарының алдында Бауыржан Тұрысбек пен Азат Нұрғалиевтің гол соққаны қуантты. 

«Шахтер» сапынан Марат Шахметов пенальтиден мүлт кетті. Қорытынды есеп – 2:0. 

«Тобыл» (Қостанай) – «Шахтёр» (Қарағанды) – 2:0.

Голдар: Тұрысбек, 25 (1:0). Нұрғалиев, 60 (2:0).

Пенальти соға алмады: Шахметов, 73.

«Тобыл»: Балаев, Бочаров, Валиуллин, Дмитренко, Жулпа, Кассай, Квеквескири, Клещенко  (Әбілғазы, 72), Нұрғалиев (к), Тұрысбек (Шерстов, 85), Федин (Себаи, 78).

«Шахтёр»: Шацкий (к), Зенев, Лувага (Өміртаев,68), Наджарян, Пайруз, Пешич (Бачек, 86), Ткачук, Шайықов (Шұғаев, 68), Шахметов, Барановский, Шкодра.

Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда).

Қостанай. «Тобыл Арена» кешені. 3000 көрермен.

Өзгелердің жаңалығы