Пәкістанда пойыз өртеніп, 25 адам көз жұмды

31 Қазан 2019, 11:47
2885
Бөлісу:
Пәкістанда пойыз өртеніп, 25 адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Пәкістанда пойыз өртке оранып 25 адам мерт болды, зардап шеккен тағы 30 адам емханаға жеткізілген. Бұл туралы Известия басылымы жазды.  

"Geo TV мәліметінше, пойыз Карачи қаласынан Равалпиндиге бет алған. Өрт Лиакватпур қаласынан өтіп бара жатқанда басталған. Пойыздағы жолаушылардың бірі өзімен бірге газ қыздырғышын алып шыққан. Жолда ол тамақ әзірлемек болғанда май өртенген", - делінген хабарламада.

Өрт үш вагонға жайылған, оның екеуі эконом-класс болса, тағы бірі бизнес-класс екен.

Пәкістан теміржол басшылығы бұл оқыс оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кері әсер етпейтінін мәлімдеді. 

Осыдан бірер күн бұрын Берлинде де пойыз өртке оранып, үш адам зардап шеккен болатын. Жедел қызмет өкілдері өрттің шығу себебін бірден анықтай алмады, алайда ол футбол жанкүйерлері мінген вагоннан шыққаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы