Бас жаңалықтар
Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70%-ы вакцина алады
30 Шілде 2021, 22:59 567

Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70%-ы вакцина алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалияда халықтың 70 пайызы қыркүйек айына дейін толық вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетке қол жеткізеді деп хабарлайды «Хабар 24». 

Үкімет осындай мақсат қойып отыр екен. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір жасы 16-дан асқан тұрғындардың 52%-ы, яғни 5 жарым миллиондай адам екпенің 2 дозасын қабылдаған. Жоспарға сәйкес, қазан айында бұл көрсеткіш 85%-ға жетуге тиіс. 

Осыған байланысты Премьер-министр шектеулерді жеңілдету алдағы 3 айда 3 кезең бойынша іске асатынын айтты. 1 тамыздан бастап мейрамханалар, сауда орындары мен мәдениет орталықтары түнгі 2-ге дейін ашық тұруға рұқсат беріледі. Тек ішке кіргенде электронды вакцина куәлігін немесе теріс нәтижесі бар тестіні көрсету керек. Үйде жұмыс істеу бұрынғыдай міндетті болмайды. 

Алдағы жексенбіде, 1 тамызда Португалия халқының 57 проценті вакцинаның 2 дозасын алады деп жоспарлап отырмыз. Екпе салдыру індетпен күресте тиімділігін көрсетіп жатыр. Өлім-жітім деңгейі төмендеп, науқастар саны азайды, ауруханалар да босап жатыр, - деді Португалия премьер-министрі Антониу Кошта. 


Фото: дереккөз
Загрузка...