Бас жаңалықтар

Велоспортшы Пономарев Азия чемпионатында жеңіске жетті

Астана, baq.kz тілшісі. Қазақстандық велоспортшы Сергей Пономарев Азия чемпионы атанды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол Джакартада өтіп жатқан Азия чемпионатында 1000 метрге элита әдісімен жарысуда жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 1:02.831. Екінші орынды Тайпей, үшінші орынды Қытай спортшысы иеленді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы командалық із кесу жарысында қол жүлде иеленсе, Артем Захаров күміс жүлдегер атанды. 

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль бар.

Загрузка...

Сізден жаңалық