Польшада Абай бейнесі бар марка айналымға шықты

10 Тамыз 2020, 11:59
1610
Бөлісу:
Польшада Абай бейнесі бар марка айналымға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада Абай Құнанбайұлының бейнесі бар пошта маркасы пайда болды, деп жазды 24.kz сайты.

Айналымға шыққан пошта маркасы ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналды. Бұл шара Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. 

"Полония" Польша мәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Хмелевскийдің айтуынша, Қазақстанның танымал тұлғалары мен мәдениетін дәріптеу Польша елінде дәстүрге айналған.
Осыған дейін мұнда Қазақстанда өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі мен Тәуелсіздік күніне арналған маркалар шығарылған болатын. Бұл екі ел арасындағы мәдени бірлестік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін шаралардың бірі. Абай Құнанбайұлы шын мәнінде әлемнің барлық елі құрмет көрсетуге лайық тұлға, - деді төраға.
Өзгелердің жаңалығы