Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімнен алды

16 Қыркүйек 2020, 16:45
1366
Бөлісу:
Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімнен алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап бұдан бұрын Варшаваға тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.
30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінде қалады. Олардың қатарында АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т.б. елдер бар. Бұл тізімді Польша Үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты жаңалап отырады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы