Полиция 3 жасөспірімнің неден қаза тапқанын айтты

13 Ақпан 2020, 10:03
1445
Бөлісу:
Полиция 3 жасөспірімнің неден қаза тапқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бүгін 3 баланың мұздың астына түсіп қаза тапқаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты полиция тергеу жұмысын бастады.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 13 жасар Денис Мельников, Вадим Сизов және Сабыр Дүйсенғалиевтің өліміне байланысты тергеу амалдары басталған. Сонымен қатар, балалардың неден көз жұмғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

"Теректі" шағынауданындағы су қоймасының жанынан балалардың сөмкелері табылған. Іздеу жұмыстарына республикалық жедел-іздестіру тобының сүңгуірлері қатыстырылды. 13 ақпан күні таңғы сегіздер шамасында балалардың денесі судан табылды, - деді баспасөз қызметінде.

Балаларды іздеу туралы хабарлама Алатау ауданы полиция басқармасына 12 ақпан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында түскен. Ювеналды, крименалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Сонымен қатар, жасөспірімдерді іздеу жұмыстарына еріктілер де атсалысқан.



Өзгелердің жаңалығы