Полиция коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 47 адамды іздестіріп жатыр

31 Наурыз 2020, 19:50
1420
Бөлісу:
Полиция коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 47 адамды іздестіріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, полиция мен әскери қызметшілер елде төтенше жағдай енгізілген алғашқы күндерден бастап дәрігерлермен бірге халықтың денсаулығын қорғауда "алдыңғы қатарда" жүр. Тұрғымбаев атап өткендей, олар өздерінің "жеке уақыттарында да" елге қызмет етіп жүр.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болуы ықтимал тұлғаларды іздестіріп, медициналық мекемеге жеткізіп жатырмыз. Денсаулық сақтау органдарының сұранысымен 3800 адам іздестірілді. Қазір 47 адамның орналасқан жері анықталып жатыр, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министр инфекция ошақтарын оқшаулау үшін карантиндік аймақтарда арнайы шаралар қабылданып жатқанын айтты.  Қазіргі уақытта 31 нысан қоршауға алынған. Олардың арасында тұрғын үйлер, жеке кіреберістер, жатақханалар бар.
Бұл шараларға түсіністікпен қараңыздар. Бүгінгі таңда әлемнің бәрі қатаң оқшауланып өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар. Үйден шықпаңыздар. Мұндай сәтте тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын, - деді ведомство басшысы.
Өзгелердің жаңалығы